07.06.202116090

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ ЖӨНІНДЕГІ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ӨҢІРЛІК БАСҚАРУШЫ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗДЕСУІ

OSTOV Hub QAZAQSTAN

2021 жылғы 4 маусымда онлайн режимде Орталық Азиядағы құқық үстемдігі жөніндегі бағдарламаның Өңірлік Басқарушы комитетінің бірінші кездесуі өтті. Орталық Азиядағы құқық үстемдігі жөніндегі 2020-2023 жылдарға арналған бағдарлама Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде әзірленді және Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Өзбекстанда жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты еуропалық және басқа да халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтары мен құқық үстемдігін нығайту арқылы азаматтардың өмірін жақсарту болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру мәселелерін талқылауға Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б. Нұрмұханов қатысты. Ол “Мемлекеттік мекемелер мен конституциялық басқару органдарының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу” сессиясында баяндама жасады.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің органдарының атынан Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Свен-Олов Карлссон, Еуропа Кеңесі бағдарламалар Бас директоратының офисінің директоры Верена Тейлор, Еуропа Кеңесі бағдарламалар Бас директоратының офисінің басшысы Пилар Моралес, Венециялық комиссияның көршілес ынтымақтастық жөніндегі бөлімшесінің басшысы Сергей Кузнецов және басқалар қатысты.

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *