Шымкентте Билер кеңесі жұмысының мәселелері талқыланды

OSTOV Hub QAZAQSTAN

OSTOV Hub QAZAQSTAN

Шымкент қалалық сотында судьялардың зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесуге ардагер судья, Шымкент қалалық сотының жанындағы Билер кеңесінің басшысы Ақылбек Елшібаев, қалалық сотттың татуластырушы судьясы Нұрлан Биболов, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Дәурен Сайханов, Соттар әкімшісінің басшысы Берік Мейірханов, Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби және Алматы облысының Жамбыл, Қарасай, Іле аудандарының биі Асылхан Артықбаев мен кәсіпкер, «Бухгалтердің орталық үйі» компаниялар тобының негізін қалаушы Мади Нусупбаев қатысты.

Кездесу барысында Билер кеңесінің көмегімен медиация институтын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

А.Елшібаев Шымкент қаласының соттарында дауларды бейбіт жолмен шешу үшін жағдай жасау жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталып өтті. 2018 жылдың желтоқсан айында Билер кеңесі өз жұмысын бастаған. Оның құрамына беделді ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері енді. Билер кеңесінің қоғамдағы даукестіктің төмендеуіне және жағымды ахуалын сақтауғады маңызы зор,

Билер кеңесінің маңызын жоғары бағалай отырып, А.Артыкбаев пен М.Нусупбаев, өз тәжірибелерімен бөлісіп, оның жұмысын жандандыруға және көмек көрсетуге ниет білдірді. М.Нусупбаевтың пікірінше, Билер кеңесі тұрақты жұмыс істеуі үшін «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына өзгеріс енгізуге байланысты ұсыныстарды дайындау  қажеттігін айтты. Ол өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстарды Парламент Мәжілісінің мүшелеріне жеткізу ниетін білдірді.

Б.Мейірхановтың ақпаратына сәйкес, Билер кеңесін жұмысын қамтамасыз ету қажеттіліне байланысты Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қаласының Билер кеңесі, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, «Шаңырақ» отбасын қолдау орталығы, Шымкент қаласының Медиация орталықтары өзара бірлесе отырып, ортақ және өңірлік деңгейлерде медиацияның дамуына жәрдемдесуге және татуластыру орталықтары мен бөлмелерінің ашылуына ықпал ету туралы меморандум дайындалып жатқанын жеткізді.

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *