Ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін сот айыппұл тағайындады

OSTOV Hub QAZAQSTAN

Нұр-Cұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша азаматша С.-ға қатысты материал келіп түсті.

С.-ға елорда дәмханаларының бірінде кәмелетке толмаған баласының көзінше қоғамдық жерде алкогольдік ішімдіктерді ішуге жол бергені және мекеме әкімшілігімен жанжал туындауға арандатқаны, дәмхана қызметкерлеріне әдепсіз сөздермен  тіл тигізгені  үшін айып тағылды.

Сонымен қатар, іс материалдарымен С. мен кәмелетке толмаған екі баланың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары талап етілетін нормаларға сәйкес келмейтіндігі, үлкен баласының мектептегі сабақтарға жүйелі түрде қатыспайтындығы анықталды.

С. өз кінәсін толықтай мойындады, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Сот С.-ға 10 АЕК мөлшерінде 29 917 теңге сомасына айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *