13.07.202121590

«Самұрық-Қазына» Қорының компаниялар тобы қызметкерлерінің 50% COVID-19 қарсы егілді

OSTOV Hub QAZAQSTAN

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қызметкерлерді коронавирсқа қарсы жаппай егу шаралары жалғасып жатыр.

Бүгінге дейін вакцинаны 138 405 қызметкер қабылдады, бұл жалпы Қор тобында еңбек ететін адамдардың 50,1% тең.

Еншілес компаниялар ішінде вакцинацияланған қызметкерлердің статистикасы келесідей:
– «Қазақстан Темiр Жолы» АҚ – 66 951 (60%),
– «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 18 595 (29,7%),
– «ҚазТрансГаз» АҚ – 9 961 (78,9%),
– «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – 11 150 (58,4%),
– «Самұрық-Энерго» АҚ – 9 524 (55,2%),
– «Қазақтелеком» АҚ – 8 794 (42,7%),
– «KEGOC» АҚ – 2 921 (63,2%),
– «Қазпошта» АҚ – 7 966 (39,2%),
– «Эйр Астана» АҚ – 1 460 (27,3%),
– «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ – 590 (68,4%),
– «Біріккен химиялық компания» ЖШС – 278 (43,3%),
– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ – 65 (81%),
– «QAZAQ AIR» АҚ – 33 (11,7%).

Вакцинаның екінші компонентін 73​ 575 жұмыскер алып үлгерді (26,6%).

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы эпидемиологиялық ахуал жіті қадағалауда және басымдыққа ие. Қор қызметкерлерінің және олардың отбасы мүшелерінің вакцинамен қамту – басты назарда.

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *