27. мая 2019

Выступление кандидата в Президенты РК Касым-Жомарта Токаева на встрече с членами РОШ

OSTOV Hub QAZAQSTAN

News

Құрметті әріптестер!  

Бүгін үгіт-насихат науқанының алғашқы күні.

Ең шешуші күндер таяп келеді.

Біз ашық бәсекеге дайынбыз деп мен нық сеніммен айтамын!

Осы аса жауапты сынаққа Сіздермен бірге бару – мен үшін үлкен мәртебе!

Сіздер мені сөзбен де, іспен де қолдап жатырсыздар!

Баршаңызға алғысымды айтқым келеді!

Мен сіздерден үлкен жұмысқа деген зор құлшынысты көріп тұрмын.

Біздің партия – бірлігі ұйысқан нағыз күш-қуат, елдің саяси тірегі. Елбасының басшылығымен біз биік белестерді бағындырдық. Біз барлық сыннан бірге сүрінбей өттік!

Қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізе алатынымызды халыққа дәлелдедік.

Бізді алдымызда үлкен сынақ күтіп тұр.

Бұл тарихи сынақты біз бәріміз абыроймен еңсеруіміз керек!

Алдағы сайлау әділ, ашық болатынына мен кәміл сенемін!

Басқа жол жоқ.

Халық сенімін толық ақтап шығуға бар күшімді саламын!

Уважаемые товарищи!

Каким я вижу наше будущее в ближайшие пять лет? Что будет для меня главным?

Именно здесь, в кругу своих товарищей, я хочу тезисно представить свою политическую платформу.

В своей работе на посту Президента буду последовательно придерживаться трех основных принципов.

Преемственность.

Справедливость.

Прогресс.

Менің бірінші ұстанымым – Сабақтастық!

Қазақстан аса жауапты кезеңнің алдында тұр.

Мен осы жолда Елбасының стратегиялық бағдарын жалғастырамын!

Отанымыз – Қазақстанды дамытуда мен келесі басымдықтарды басшылыққа аламын.

Қазақ «Береке басы – бірлікте» дейді. Сол үшін бірінші басымдық – Қоғамның бірлігі, тұрақтылық және ұлтаралық келісім.

Келесі – Барлық азаматтардың өмір сапасын жақсарту және табысын арттыру.

Үшіншісі – Елбасы тапсырмасымен басталған әлеуметтік бағдарламаларды толық жүзеге асыру және жалғастыру.

Төртіншісі – Экономикалық өсімді арттырып, жетістіктерімізді еселеу.

Бұл қағидалар – біздің Тәуелсіздік жылдарынан алған тәжірибеміз.

Біз оларды жадымызда сақтаймыз, болашаққа қадам басқанда басшылыққа аламыз.

Тарихтан сабақ алған елдің келешегі кемел болады!

Второй принцип – справедливость.

Для меня положение Конституции о равенстве прав всех граждан вне зависимости от национальности, вероисповедания, имущественного положения – прямое руководство к действию.

Здесь мы сфокусируемся на следующих следующих приоритетах:

Первое. Верховенство закона и справедливое правосудие.

Мы продолжим реформу судебной системы. Обеспечим реальное равенство сторон обвинения и защиты в судебном процессе. Нарушители закона будут нести справедливое наказание, невзирая на должности и социальный статус. Что касается судей, то они обязаны неукоснительно следовать Кодексу профессиональной этики.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп дана халқымыз бекер айтпаған.

Второе. Общественная безопасность.

Решительная борьба с  преступностью будет усилена. Мы сделаем всё, чтобы обеспечить безопасность наших детей и спокойствие на улицах. Усилим общественный контроль над деятельностью полиции. Вместе с тем сотрудникам правоохранительных органов и их семьям будет обеспечена социальная поддержка.

Третье. Искоренение коррупции.

Борьба с коррупцией будет нацелена на полное её искоренение. Серьезным фактором успеха должна стать прозрачность процесса принятия государственных решений.

Мы рассчитываем на активное содействие Парламента, общественных организаций, средств массовой информации.

Четвертое. Эффективная система социального обеспечения.

Мы продолжим активную социальную политику. Будет расширен охват социальной помощью тех категорий населения, которые в ней нуждаются. В то же время мы обязаны более активно пропагандировать идеологию Труда. Каждый труд должен быть в почете. Настоящие труженики, будь это учителя, медики, ученые или рабочие, будут
по-достоинству отмечаться и вознаграждаться государством.

Мы введем в строй свыше 40 тысяч арендных квартир для малообеспеченных и многодетных семей.

На социальную сферу дополнительно выделим свыше 2 триллионов тенге.

Пятое – Это здоровая нация: высокое качество и доступность медицины.

Мы будем последовательно увеличивать общие расходы на здравоохранение, доведя их до 5% ВВП.

Нужно обеспечить «шаговую» доступность первичной медицинско-санитарной помощи во всех регионах страны.

Следует жестко контролировать качество лекарств, стимулировать снижение розничных цен на них.

Мы будем это делать.

Шестой приоритет. Образованная нация: современные стандарты образования для всех.

Общие расходы на систему образования и науку будут ежегодно расти. Мы обеспечим полный охват детей качественным дошкольным образованием.

Будет продолжено поэтапное внедрение трехъязычия с упором на изучение казахского языка, преподавание общественных дисциплин на казахском и русском языках и постепенное овладение английским языком. Конкретные меры поддержки коснутся студентов, молодых ученых.

До 2022 года в стране не должно остаться ни одной аварийной и трехсменной школы.

Седьмое. Занятость и новые рабочие места.

Акцент должен быть сделан на создании продуктивных рабочих мест, прежде всего в обрабатывающей промышленности, сельском хозяйстве, IT-отрасли, туризме.

И, наконец, восьмое. Эффективное государственное управление.

Мы ужесточим ответственность и подотчётность за реализацию госпрограмм и использование бюджетных средств.

Правонарушения, связанные с неэффективным использованием или хищением народных средств, будут жестко пресекаться и наказываться.

Деньги бюджета это народные деньги, расхищать или присваивать их никому не позволено.

Вместе с тем мы поддержим добросовестных госслужащих. Будет обеспечена прозрачная система кадрового роста в госуправлении на основе принципа меритократии.

Третий принцип, который лег в основу моей программы, – Прогресс.

Мир стремительно движется вперед. Мы не имеем права стоять на месте. Наш путь – путь прогресса и инноваций. Уже сегодня мы должны начать строить высокотехнологичную экономику, модернизировать аграрную сферу, финансовый сектор, инфраструктуру.

Любое отставание может привести к тому, что мы останемся на обочине мирового развития.

Поэтому мы выбираем прогресс, созидательные перемены на благо людей. Это достойный ответ на вызовы современности.

Наша политика основывается на десяти приоритетах:

Первое. Динамичная экономика.

Бюджетное планирование должно служить только целям развития.

Неэффективные так называемые «имиджевые» проекты будут прекращены, остановлены.

Особую актуальность сохраняют задачи по поддержке отечественной экономики и продвижению казахстанских товаров и услуг на внешнем рынке.

Мы будем развивать экономику простых вещей. Доля малого и среднего бизнеса в экономике будет доведена до 30%.

Это – наша стратегическая цель!

Нам предстоит, наконец, навести порядок в сфере государственных закупок. Эта проблемы стала уже притчей во языцех. Коррупция там зашкаливает, это прямой ущерб национальной безопасности нашего государства. Поэтому здесь мы будем бороться совершенно решительно с проявлениями коррупции прежде всего в сфере государственных закупок. План работы у нас уже имеется.

Құрметті әріптестер! 

Өздеріңізге мәлім, «Ауыл – ел бесігі». Ауыл азаматтарын қолдау менің ең негізгі мақсаттарымның бірі.

Сол себепті менің екінші қағидам – бақуатты ауылдардың санын көбейту.

Бүгінгі ауылдың жағдайы белгілі, мүшкіл деп айтуға болады. Сондықтан, біз жаңа жолдар саламыз. Елді мекендерге су, жарық жеткіземіз. Жергілікті жастарға арнап жаңа спорт нысандарын саламыз.

2022 жылға қарай ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттырамыз.

Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ашық және әділ тетігін енгіземіз.

Жер тек еңбек ететін адамдарға тиесілі болуы керек!

Нам предстоит добиться выполнения когда-то данного Правительством обещания о выделении 10 соток земли гражданам страны.

Давайте решим эту задачу в ближайшие 5 лет.

Третье. Успешное предпринимательство.

Поддержка отечественного бизнеса и частной инициативы граждан – важнейшая задача. Предприниматели должны получить доступ к регулируемым закупкам.

Новым предприятиям будут предоставляться инвестиционные налоговые кредиты сроком на 3 года. Планируется ввести законодательные нормы, предусматривающие «презумпцию добросовестности предпринимателя».

Еще один важный момент – обеспечение конкуренции на рынке и пресечение злоупотребления монопольным положением. Это особенно важно для малого и среднего бизнеса.

Четвертое. Эффективная финансовая система.

Наши задачи в финансовой сфере следующие: максимальное повышение прозрачности государственного бюджета, снижение зависимости расходов бюджета от цен на сырье, упрощение системы налогообложения.

В ближайшее время будет завершено формирование бюджета четвертого уровня: каждый населенный пункт получит собственный бюджет. Будет увеличена бюджетная база регионов.

Население получит защиту от финансовых рисков, ужесточатся требования к выдаче кредитов небанковскими организациями. Мы будем жестко пресекать деятельность недобросовестных кредиторов и мошенничество.

Пятое. Первоклассная инфраструктура.

Вопросы транспорта, логистики, дорожной инфраструктуры имеют стратегическое значение.

От их решения зависит не только развитие экономики, но и место страны на геополитической карте мира. Мы должны завершить формирование единой транспортной системы страны в рамках коридоров Центр – Восток, Центр – Юг, Центр – Север и Центр – Запад. Продолжится развитие системы контейнерных перевозок по сухопутному маршруту Китай – Европа, Транскаспийскому международному транспортному коридору.

Доля автодорог республиканского значения в хорошем и удовлетворительном состоянии должна достичь 100 %, областного и районного значения – 95 %. Тем самым будет реализован принцип «дорога до дома».

Необходимо возродить малую авиацию. До 2025 года будет дополнительно создано 13 местных аэродромов.

Уже в этом году будет завершено строительство магистральной части проекта «Сарыарка», направленного на газификацию Центрального Казахстана.

Доля альтернативных и возобновляемых источников энергии к 2030 году будет доведена до 30 %, при этом энергоемкость экономики необходимо снизить на 15 % к 2025 году.

Алтыншысы. Әр адам өз баспанасының болғанын қалайды.

Бұл – халықтың көкейіндегі өзекті сұрақтың бірі. Осы себепті біз тұрғын үй мәселесін шешеміз.

Барлық тұрғын үй бағдарламалары бірегей тұрғын үй құрылысы саясатына біріктіріледі.

Әсіресе, ұстаздар мен дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз ету басты назарда болады!

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жыл сайын мыңнан аса жалдамалы пәтер саламыз.

2025 жылға дейін 650 мың отбасын немесе 2 миллионнан астам азаматты жаңа баспанамен қамтамасыз етеміз.

Бұдан басқа, ауыз су мәселесі, өкінішке қарай, әлі де өзекті. Сондықтан, біз 2025 жылға дейін барлық тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз.

Аталған шаралар халықтың өмір сапасына тікелей ықпал етеді.

Жетіншіден. Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстанның негізі.

Өңірлерде жұмыс таппаған мыңдаған азаматтар орталық қалаларға ағылуда.

Урбанизация – бүкіл әлемде жүріп жатқан процесс. Қазақстан да бұл мәселемен бетпе-бет келіп отыр.

Сондықтан әрбір қала ұзақмерзімді даму стратегиясын әзірлеуі қажет.

Урбанизация – это управляемый и контролируемый процесс. Так происходит во всех развитых государствах.

В противном случае возникают большие проблемы будь то социальные, экономические или общественно-политические.

С подобного рода проблемами мы уже столкнулись. Поэтому мы должны заниматься урбанизацией абсолютно цивилизованно как принято во всех развитых государствах.

Моно және шағын қалалардың инфрақұрылымын дамыту – басты назарда болады!

Следующий приоритет – Прогрессивный Казахстан в меняющемся мире.

Мы продолжим миролюбивый внешнеполитический курс Елбасы, направленный на обеспечение мира и безопасности, защиту наших национальных интересов на мировой арене.

Необходимо шире использовать накопленный ресурс международного доверия к Казахстану для привлечения в страну инвестиций и укрепления сотрудничества со всеми заинтересованными странами.

Наши внешнеполитические акции будут приносить конкретные выгоды стране, отечественному бизнесу, каждому гражданину.

Девятое. Трансформация политической системы.

Я придерживаюсь следующей формулы государственной власти: сильный, полномочный Президент – влиятельный, дееспособный Парламент – подотчетное, профессиональное Правительство.

Такая система государственно-политической структуры нашей страны наиболее оптимальная для Казахстана.

Я так считаю.

Необходимо повышать ответственность власти перед народом. Решения по значимым стратегическим проблемам должны приниматься с учетом точки зрения большинства населения, путем опросов общественного мнения и даже референдумов, если в этом будет необходимость.

Политические партии, способные генерировать конструктивные идеи по укреплению потенциала государства, займут достойное место в нашем обществе.

Еще одно важное направление – развитие органов местного самоуправления. Они должны стать реальным механизмом участия граждан в процессе принятия государственных решений и контроля над их реализацией.

Призываю всех государственных служащих строго соблюдать законодательные нормы и этические принципы. Проявления помпезности, нескромности, расточительства чиновников будут пресекаться и жестко наказываться.

Нам предстоит разработать Концепцию развития гражданского общества до 2025 года. Особое внимание – молодежным организациям, институту волонтёрства.

В ближайшее время мы проведем Форум волонтеров. Это очень важная работа, мы должны поддерживать волонтеров и придавать дополнительный стимул их полезной работе.

Мы рассматриваем средства массовой информации как опору демократии и проводников общественного мнения.

Газеты, телеканалы, интернет-сайты, участвующие в реализации важных социальных проектов, получат поддержку со стороны государства.

Қоғамдық саясаттағы келесі мәселе – ұлттық тұтастық.

Біз «оралман» аталып кеткен әлеуметтік топтың мүдделерін ескереміз.

Жеке өз басым қандастарымызды олай атауға қарсымын.

Олар – біздің қоғамның ажырамас бір бөлігі.

Біз қандастарымызды елге шақыруды одан әрі жалғастырамыз.

Келесі маңызды бағыт – Дамудың қозғаушы күші – жалынды жастар!

Жастар – біздің басты назарымызда!

Жас талантты басшыларды мемлекеттік қызметтің барлық сатысында қолдап, ілгерілетуге жағдай жасаймыз.

Осы мақсатта «Президенттік кадрлық резерв» құрамыз, оның құрамына байқау негізінде 300 жас маман іріктеледі.

Разумеется, молодежная кадровая политика 300 специалистами не ограничится. Мы будем искать, выбирать, ставить на важные участки государственной деятельности гораздо большее количество представителей молодежи. Мы должны реально показать нашей молодежи, что в нашей стране у них есть шанс реализовать свои способности.

При этом нам нужно добиваться стабильности кадрового состава, чтобы все сотрудники обладали должной институциональной памятью. К сожалению, у нас этого в министерствах не хватает. То есть, чтобы чиновники, специалисты знали свой участок работы досконально, были настоящими профессионалами.

 

«Жас кәсіпкер» жастардың бизнес бастамаларын дамыту бағдарламасын іске асырамыз, экономиканың негізгі салаларындағы стартаптарға қолдау көрсетеміз.

Жұмыс берушілерді еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ жастарды қызметке алуға ынталандырамыз.

Жұмыссыз және арнайы білімі жоқ жастардың (NEET) мәселесін шешеміз!

Ұлттық экономика, мемлекеттік басқару, ғылым, өнер, мәдениет және спорт саласындағы талантты жастар мен кәсіби мамандарға жағдай жасаймыз. Жалпы, өнер саласына ерекше көңіл бөлеміз, мәдениет саласында жұмыс істеп жүрген адамдарға жәрдем береміз.

Құрметті достар!

Сайлау алдындағы біздің басты ұстаным:

Халықпен бірге биік белестерге ұмтыламыз.

Алдымызда ауқымды міндеттер тұр!

Уақыт тығыз.

Сондықтан, біз бірден қос бағытта жұмыс істейміз!

Біріншіден, тұрғындарды мазалаған мәселелерді шұғыл шешу қажет.

Көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын беру керек. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын  қатаң бақылауға аламыз!

Екіншіден, еліміздің дамуындағы аса маңызды сұрақтар бойынша «билік – қоғам» диалогын ұйымдастырамыз.

Мен үгіт-насихат науқанын Халықпен тікелей кеңесу деп білемін.

Мен үшін халықтың ой-пікірі аса маңызды.

Сол үшін әр аймақтың, әр әлеуметтік топтың, еліміздің барша азаматтарының өтініш-тілектерін білгім келеді.

Мен халықтың ұсыныстарын өзімнің президенттік бағдарламама қосуға дайынмын!

Сіздердің, партияның қолдауы – мен үшін өте маңызды!

Мен өзімнің сайлауалды платформамды ашық деп жариялаймын!

Бұдан бөлек, мен Қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесін құру туралы шешім қабылдадым!

Ұлттық Кеңеске қоғамымыздың ең лайықты азаматтары мүше болады.

Біз Ұлттық кеңесте маңызды заң жобалары мен жалпыұлттық даму бағдарламаларын қоғамдық сараптамадан бірге өткізетін боламыз!

Ашық қоғам – біздің негізгі мақсат!

Құрметті жолдастар, партияластар!

Бүгін біз еліміздегі ең өзекті қоғамдық мәселелер жөнінде пікір алмастық. Өте қажетті, тиімді, пайдалы әңгіме болды.

Үгіт-насихат жұмыстарына дайынбыз деп айтуға болады.

Уважаемые товарищи!

На мой взгляд, предвыборная агитационная кампания это прекрасная возможность высказать нашу общую точку зрения, которую я сегодня постарался сформулировать в единый документ, в единую речь, по наиболее актуальным вопросам развития нашего государства.

Что такое предвыборная агитационная кампания?

Это – разъяснение позиции партии, нашей общей точки зрения по самым острым проблемам, которые волнуют народ.

Поэтому, высказывая благодарность в адрес всех членов Республиканского штаба, я хотел бы также одновременно высказать просьбу проводить эту кампанию в деловом ключе, без агитационной шумихи, эйфории, помпезности. Другими словами, мы должны показать очень высокий уровень политической культуры именно в предверии выборов.

Вы наверное заметили, что в своих выступлениях я  тщательно избегаю, обхожу слово «Победа».

Это прекрасное слово в большей степени подходит для военных действий, которые благодаря мудрой политике Елбасы, к счастью, обошли стороной наше государство.

Наша страна мирная. Мы – единый народ. У нас одна страна, за которую мы все без исключения в ответе.

Казахстан еще молодое государство. Оно прочно встала на ноги благодаря Елбасы. Определилось, что крайне важно, со своими границами.

Ситуация в мире, как вы знаете, непростая, очень много вызовов.

Поэтому следующие пять лет будут в высшей степени ответственными для всех, особенно для Партии, которая, я уверен, должна сохранять свои лидирующие позиции в нашем обществе, в то же время сотрудничая с другими политическими силами, которые придерживаются конструктивных позиций.

Поэтому мы будем работать вместе и в агитационный период, и я надеюсь, поствыборный период.

Жалпы, бағытымыз – дұрыс.

Біз – халықпен бірге Елбасының игі істерін міндетті түрде жалғастырамыз!

Бағдарымыз – айқын! Мақсатымыз – бір!

Біз әр сөзімізді нақты іспен дәлелдейміз!

Біз халықтың аманатын орындау үшін сайлауға қатысамыз!

Наше дело правое, поэтому указанные задачи мы безусловно выполним и поставленных целей достигнем!

Алға, Қазақстан!

Logo

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *