20.08.20194960

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ ӨСУДЕ

OSTOV Hub QAZAQSTAN

Индустрияландыру бағдарламасы 2010-2018 жылдары ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің көлемін екі еседен астам ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қостанай облысына жұмыс сапары аясында жасаған есебінде хабарлады.

“2018 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өндірісінің көлемі 28,1 млрд. теңгені құрады, НКИ-122,5%.  Өндірісте 360 комбайн және 366 трактор өндірілді. 2019 жылдың 1-жартыжылдығындағы өндіріс-14,9 млрд. теңгені құраса, НКИ-105,2%, 150 комбайн және 453 трактор өндірілді. 2010 жылдан бастап азық-түлік желісін кеңейту басталды, ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған аспалы жабдықтар мен техниканың әртүрлі түрлерін өндіру барысы іске қосылды. Тракторлар мен комбайндар өндірісі өсті”,-деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр “Қазақстан Республикасында автомобиль жасау мен ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту” тақырыбындағы кеңес барысында.

Алайда, министрдің айтуынша, бұл жеткіліксіз. Кейбір жағдайларда өндірушілер импорттаушылардың пайдасына қарай  жағдайларының тең емес тұстары болады. Осыған байланысты импорттаушылар өндірісті ел ішінде орналастыруға және технологияларды оқшаулауға мүдделі емес.

“Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды табысты дамыту үшін автоөндіріс саласында сәтті сынақтан өтіп, қысқа уақыт ішінде өз тиімділігін дәлелдеген шараларды қолдану қажет. Біздің ойымызша, отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды қолдау саясатын енгізу қажет, ол біздің кәсіпорындарымызды жүктеуге, өндірілетін техника спектрін кеңейтуге, сала бойынша жұмыс орындарын құруға және аграрияларға сапалы және сонымен бірге баға бойынша қолайлы отандық өнімді ұсынуға мүмкіндік береді”,-деп атап өтті Роман Скляр.

Оның айтуынша, жыл басынан бері ИИДМ ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасай бастады. Ауыл шаруашылығы техникасының 7 өндірушілерімен бірге барлығы 29 келісім жасалды, олар технологиялық операцияларды орындауды және оқшаулауды 50%-ға дейін тереңдетуді көздейді. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін оқшаулаудың орташа деңгейі 36% құрайды. Бұл ретте өздігінен жүретін техниканың 50%-дан астамы ҚР-да өндіріледі.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасы паркінің қазіргі жағдайы ерекше назар аударуға тұрарлық. Қазіргі уақытта Қазақстанда тракторлардың 65%-ы және комбайндардың 46%-ы 17 жылдан артық пайдаланылуда.

“Осыған байланысты біз мемлекеттік қолдау шараларын үйлестіру үшін шаралар қолданудамыз. Автоөндірістегі кәдеге жарату алымын табысты енгізу тәжірибесін ескере отырып, ауыл шаруашылық техникасына да кәдеге жарату алымын енгізуді жоспарлап отырмыз. Экология министрлігімен бірлесіп өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыруға қатысты бұйрық қабылданды. Кәдеге жарату алымын енгізу қазақстандық өндірістің тракторлары мен комбайндарының құнына әсер етпейді”,-деді Роман Скляр.

Ол бұл шара тіркелген және пайдаланылатын техникаға да әсер етпейтінін атап өтті. Отандық тракторлар мен комбайндар қымбаттамайды. Сонымен қатар, ол Қазақстанда өндірілетін техниканы қатар әкелу әрекеттерін жоюға мүмкіндік береді.

Отандық өндірісті дамыту бойынша қосымша ынталандыру ретінде 2018 жылы тракторлар мен комбайндарды лизингке өткізу бағдарламасы іске қосылды. Республикалық бюджеттен барлығы 6,5 млрд. теңге бөлініп, 262 комбайн мен трактор сатылды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *