09. December 2019
02.08.20198090

МАШИНА ЖАСАУ – ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЕҢ СЕРПІНДІ ДАМЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН САЛАЛАРЫНЫҢ БІРІ

OSTOV Hub QAZAQSTAN

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдығы шеңберінде машина жасау басым салалардың бірі болып табылады.

Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдарында машина жасау экономиканың ең серпінді дамыған салаларының бірі болды: ондағы өндіріс көлемі 3 есеге және 2018 жылы 1 трлн. теңгеден асты.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында машина жасау өндірісінің көлемі 13,4% артты және 553 млрд.тг. құрады. Аталған кезеңде жалпы сомасы 367 млрд. теңгеге 128 жоба пайдалануға енгізілді. Осы жылы 54 млрд. тг. сомасына 10 жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз.

Жалпы алғанда машина жасау саласы бойынша еліміздің экономикасының дамуы бойынша үлкен әлеует бар. Шамамен 13 млрд. АҚШ доллары машина жасау өнімінің импортын құрайды, бұл ретте отандық өнім өндірісінің көлемі 3 млрд.АҚШ долларынан асатын соманы құрады. Импортталатын өнімнің үштігінде мыналарды атап өтуге болады: электр жабдығы, мұнай-газ машинасын жасау және автомобиль жасау.

Қазақстанда барлығы 2 600-ден астам машина жасау кәсіпорны жұмыс істейді, олар 64 мың адамды жұмыспен қамтып отыр, сала бойынша орташа бір қызметкерге еңбек өнімділігі 12,4 мың АҚШ долларын құрайды. Машина жасауда бір жұмыс орнын құру аралас салаларда 7-8 жұмыс орнын құруды ынталандырады.

«Машина жасау саласында жүйелі проблемалар да бар, олар: отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігінің төменгі деңгейі, елімізде жоғары қоспалы және ыстыққа төзімді қорғасын өндірісінің жоқтығы, жабдықтардың тозуы, білікті мамандардың жетіспеушілігі, олар кәсіпорындардың толық жүктелмеуіне әкеп соғады. Аталған проблемалы мәселелерді шешу, саланы дамыту бойынша резервтерді анықтау және іске асыру мақсатында Министрлік «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ-мен бірлесіп, Машина жасау саласын дамыту бойынша 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімімен (2019 жылғы 26 маусымдағы № 115-р) бекітілді»,- деп ҚР ИИДМ вице-министрі Аманияз Ержанов атап өтті.

Барлығы Жол картасымен 11 бағытқа бөлінген 57 іс-шара көзделген. Жол картасын іске асыру кезінде өндіріс көлемінің және еңбек өнімділігінің 2 есе өсуі, экспорт көлемінің 1,2 есеге артуы күтіледі.

«Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев «Машина жасау саласы – ұзақ мерзімді өтелімділігі бар капиталсыйымды салалардың бірі. Сарапшылардың есептеулері бойынша, егер саланы 185 млрд.теңгеден кем емес көлемде жыл сайын қол жетімді қаржыландырумен қамтамасыз ететін болса, бұл салаға қосымша 740 млрд. теңгеге дейін жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Жол картасының негізгі тармақтары сәтті іске асырылған жағдайда, бұл 2024 жылдың соңына қарай: өндіріс көлемінің 2 трлн. теңгеге дейін өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігі 24 мың АҚШ долл.дейін АҚШ долларын, машина жасау өнімінің экспорты 30% – ға артты» деп атап өтті.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі