09. December 2019

Қазақстан ӘТК кораблі Әзербайжанның су айдынына жорыққа шықты

OSTOV Hub QAZAQSTAN

Қазақстан ӘТК «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы «Теңіз кубогы-2019» халықаралық байқауы шеңберінде Каспий теңізінің су айдынында Әзербайжан ӘТК  жауынгерлік даярлық полигондарына штурмандық таныстырылым жорығына шықты.

Әскери теңізшілер көрсетілген ауданда байқау эпизодтарының орындалуын есептеп, рейдтік жабдықтың орнатылуын, навигациялық қоршауларды тексерді, оқ атуға арналған нысаналарды қарап шықты.  Корабль экипажы байқаудың негізгі эпизодтары бойынша теңіздегі алғашқы жаттығуын өткізді.

«Теңіз кубогы – 2019»  – бұл Армиялық халықаралық ойындары бағдарламасы байқауларының бірі болып табылады. Сайыс Әзербайжан ӘТК «Пута» әскери-теңіз базасында тамыздың 5-і мен 15-і аралығында өтеді.

Әскери теңізшілерге теңіз және әуе межелерін жоя отырып, оқ атуда өздерінің шеберліктері мен дәлдіктерін паш етуге тура келеді. Корабльді зәкірге және арқанға байланатын бөшкеге қою, теңізшілердің құтқару дайындығы, сондай-ақ корабльдің жандылығы үшін күресу жекелеген кезең болмақ.

Сайысқа барлығы төрт елдің, яғни, Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының командалары қатысады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *