Қазақстандық Су-25 экипажы «Авиадартс» конкурсында үздік өнер көрсетті

 

Ресейдің Рязань облысында «Дубровичи» полигонында  АрХО-2019 аясында өткен «Авиадартс» байқауының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыста Қазақстан, Ресей, Қытай және Беларусь елдерінің үздік ұшақ экипаждары бақ сынасты. Аталмыш байқауда Қазақстандық Су-25 экипажы сәтті өнер көрсетіп, басымдық танытты.

Алғашқы тартысты кезеңде Қазақстандық құрама Ресей және Беларусь командасын артқа тастап, бірден үздік атанды. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша Су-25 ұшағында өнер көрсеткен Майор Дмитрий Коробкин мен Манас Дәулетбаев «шабуылдаушы авиация» аталымында жүлделі бірінші орынды иеленді. Бұл қазақстандық ұшқыштардың Су-25 ұшағында үш кезеңдегі алғашқы жеңісі болды.

Алайда бұл еліміздің бірінші жеңісі емес. Біздің жұп – майор Ермек Мұқанов пен шабуылдаушы ұшқыш капитан Арман Наурызбаев, капитан Александр Орел және аға лейтенант Нұржан Нұрбаев Су-30СМ ұшағында «жойғыш авиация» номинациясында екінші орынды еншіледі. Үздік өнер көрсеткен Қазақстан командасы тек Ресей құрамасын алға жіберді.

Ал басқарылмайтын авиациялық зымырандар мен ГШ-30 авиациялық зеңбірегінен жауынгерлік ату байқауының үшінші кезеңінде капитан Александр Орел және аға лейтенант Нұржан Наурызбаев жоғары ұпай жинап, үздік нәтижеге қол жеткізді.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша «жауынгерлік тікұшақтар» номинациясы бойынша Ми-35М тікұшағымен майор Ақжан Айтбаев және аға лейтенант Ақтөре Исан, капитан Көбеген Мырзатаев пен лейтенант Тимур Лекеров қола жүлдені еншіледі. Дегенмен Ми-171Ш жауынгерлік-көлік тікұшақ экипажында сайысқа қатысқан капитан Алмаз Тағаев, аға лейтенант Тимур Молдахмет, сонымен қатар капитан Боранбай Абай және лейтенант Арын Сұлтанбек қазылар алқасының ортақ шешімімен Ресейдің ұшқыштар құрамасын баса озып, «жауынгерлік-көлік тікұшағы» аталымында жүлделі орынға ұпай саны жетпеді.

Жалпы командалық есепте қазақстандық ұшқыштар командасы 3 орынға тұрақтаса, Ресей Федерациясының ұшу экипаждары 1 орынды алды. Ал 2 орын Қытай Халық Республикасына бұйырды.

 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі