Қазақстан ҰШҚҰ аясында Ресейдегі әскери оқу-жаттығуға қатысады

OSTOV Hub QAZAQSTAN

 

Қазақстан Қарулы Күштері ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердің күш пен материалды-техникалық қамтамасыз ететін «Эшелон – 2019» арнайы оқу-жаттығуына қатысады. Оқу-жаттығу Ресейдегі «Мулино» әскери полигонында өтеді.

Тәжірибелік маневрларға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстанның әскери қызметшілері мен Біріккен штабтың жедел тобы, барлығы 900 әскери қызметші мен 250 бірліктен аса әскери техника тартылады.

Оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде бөлімше ұжымдық күшті қайта топтастырудағы материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін, сондай-ақ теміржол көліктеріне қару-жарақты, әскери және арнайы техникаларды тиеуді, соның ішінде МТУ-20 танкілік көпір салғышымен көтеруді пысықтайды.

Екінші кезең қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция барысында материалды-техникалық қамтамасыз етуге арналған.  Іс-жүзінде зымырандардың, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдардың шығыны толтырылып, жанар-жағармай қоймасын жергілікті жерде орналастыру, қару-жарақ пен әскери техникаларға қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру мәселелері пысықталатын болады.

Бұдан басқа бөлімшелер техниканы жөндеу орндарына көшіруді, Ми-8 тікұшақтарын пайдалану арқылы, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды беруді жүргізуді, заманауи қақтығыстарда әскерилердің табысты іс-қимылдары үшін қажетті техникаға жаппай құюды және басқада элементтерді өрістетуді орындайды.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, әскерді қамтамасыз етудің негізгі түрі болып табылады, онсыз қазіргі жағдайда күнделікті әскердің қызметі мен дайындығы іс-жүзінде мүмкін болмайды.

«Эшелон – 2019» арнайы оқу-жаттығуы ҰШҚҰ-ның «Жауынгерлік  бауырластық – 2019» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының біріңғай мақсаты аясында өткізіледі. Оқу-жаттығу ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын, басқару органдары мен құралдарына бірлесіп даярлайтын 2019 жылға арналған жоспарына белгіленген.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *