09.10.20195810

Мемлекеттік сатып алу мен сауда-саттықтағы монополияға қарсы бақылау

OSTOV Hub QAZAQSTAN

2018 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасына сәйкес сатып алу мен сауда-саттықты өткізуге монополияға қарсы бақылаудың жаңа тетігі жұмыс істейді.

Бақылау шеңберінде бір-бірімен үлестес өнім берушілердің қатысуымен жасалатын мемлекеттік сатып алуда жалған бәсекелестік практикасының кеңінен таралғаны анықталды.

Практика көрсеткендей, әлеуетті өнім берушілер лотты «алу» мақсатында ғана емес, сатып алудың бастапқы бағасынан бағаны төмендетумен оны «алып қою» мақсатында сөз байласады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап монополияға қарсы орган медициналық жабдықты, көлік құралдарын, ұйымдастыру техникасын және басқаларды мемлекеттік сатып алудағы сөз байласуға 60-тан астам тергеп-тексеруге бастамашылық жасады. Сатып алу мен сауда-саттықта картельдік келісімдерінің негізгі белгілерін анықтаудың тиімді практикасы жолға қойылды.

Сөз байласу белгілері байқалған сатып алу қорытындысы бойынша жасалған шарттардың жалпы сомасы 35 млрд.-тан астам теңгені құрайды. Сатып алудағы сөз байласуды тергеп-тексеру бойынша айыппұл санкцияларының болжамды сомасы 1,2 млрд. теңгеден астамды құрайды.

Бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ сатып алу мен сауда-саттықта жалған бәсекелестіктің жаппай сипатын ескере отырып, монополияға қарсы орган кәсіпкерлік субъектілерін адал бәсекелестік қағидаттарын сақтауға шақырады.

Құқық бұзушылық туралы мәліметтерді ерікті түрде ұсынған жағдайда, картельдік келісіміне қатысушы нарық субъектісінің жауапкершіліктен босатылатынын ескертеміз.

Ресми Интернет-ресурс Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика Министрлігінің

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *