11. December 2018

ҚАЗАҚСТАН АШХАБАД КЕЛІСІМІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Ostov.info QAZAQSTAN

Қазақстан Республикасы «Иран Ислам Республикасы, Оман Сұлтандығы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы Үкіметтері арасындағы халықаралық көлік және транзит дәлізін құру туралы» келісімге (Ашхабад келісімі) қосылды.

Қазақстан Республикасының Ашхабад келісіміне қосылуы туралы тапсырма Қазақстан Республикасының Президенті мен Иран Ислам Республикасы Президентінің 2014 жылғы 8-9 қыркүйектегі кездесу қорытындысы бойынша берілген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты  қадам» ұлт жоспарының 65-ші қадамын «Қазақстанды халықаралық көліктік-коммуникациялық ағындарға интеграциялауды» іске асыруда Қазақстанның аталған келісім мүшелерімен ынтымақтастығы аса маңызды.

Қазақстан Республикасының аталған келісімге қосылуын Ашхабад келісімінің барлық тарап-құрылтайы мақұлдады.

Жобаны жүзеге асыру халықаралық көлік дәліздері – қазақстандық учаскеде  Солтүстік-Оңтүстік, сонымен бірге Орталық трансазиялық теміржол дәліздерінің дамуына, сондай-ақ, Парсы шығанағы порттарына шығуына және Қазақстан Республикасының жалпы транзиттік әлуетін одан әрі дамытуға оң серпін береді.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Оставить коментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные поля помечены *